-

Қазақстан Республикасының Үкіметі "Бизнестің жол картасы - 2025" (БЖК-2025) және "Қарапайым заттар экономикасы" (ҚЗЭ) мемлекеттік бағдарламаларына ҚР Ұлттық экономика министрлігі енгізген өзгерістерді бекітті. "БЖК-2025" бағдарламасына өзгерістер1. салалық шектеулер алынды (сауда саласындағы жобаларды қоспағанда (айналым қаражатын толықтырудан басқа), ҚР ДК 24 – бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері;2. кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 6 пайыз деңгейінде біріздендірілген;3. субсидиялауға жататын кредиттер сомасы 5 жылға дейінгі мерзімге 7 млрд.теңгеге дейін ұлғайтылды.4. Кепіл ретінде кепілдік беру тетігі едәуір жеңілдетілді, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпкер үшін кепілдік берілетін кредит көлемі 1 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін – 360 млн. теңгеге дейін.5. «БЖК-2025» бағдарламасына тамақ өнімдерін өндіру, сабын және жуу құралдарын, санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау, қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі, туризм, жалға беру және меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті басқару сияқты салалардағы ірі бизнес субъектілері енгізілген.ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеге дейін артты. Бағдарлама қолданысына түсетін тауарлар тізімі кеңейтілді.Агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) өндіру және қайта өңдеу бойынша басым жобаларды қаржыландыру жөніндегі оператор Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) қатар Аграрлық несие корпорациясы болып табылады. Сонымен қатар, 3 млрд.теңгеден бастап 5 млрд. теңгеге дейін несие сомасының 30% - на дейін кепілдік көлемі ұлғайтылды.Естеріңізге сала кетсек, бағдарламаның негізгі шарттары бизнес субъектілеріне арзандатылған кредиттер беру болып табылады, кепіл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда ЕДБ несиелері бойынша кепілдік беру қарастырылған.Біздің өңірде қаржы тапшылығы байқалмайды. Дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде осы өзгерістерді іске асыруға арналған қосымша қаражатты ескере отырып, «БЖК 2025» бағдарламасын қаржыландыру көлемі 5 млрд.тг. дейін ұлғайтылды.Аталған бағдарламаларда қабылданған өзгерістер кәсіпкерлердің көп санына көмек көрсетуге, бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.