«Қазпочта» АҚ «Батыс» аймақтық логистикалық орталығының базасында кәсіпкерлік басқармасының басшысының кездесуі

Ағымдағы жылдың 13 наурызында «Қазпочта» АҚ «Батыс» аймақтық логистикалық орталығының базасында кәсіпкерлік басқармасының басшысы
Қайрат Мирболатұлы Райымқұловтың, Қазпошта АҚ басшылары мен кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында пошта хабы мен
фулфилмент-орталықтың жұмыс істеу алгоритмдері таныстырылды. Ірі пошта хабы Беларусь, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Өзбекстаннан келетін және
сол елдерге жіберілетін сәлемдемелерді, сондай-ақ ТМД елдерінің жөнелтілімдері мен жергілікті жөнелтімдерді тиеп-түсіретін сұрыптау орталығы болып табылады.
Хаб аумағында кедендік бақылау және сұрыптау қамтамасыз етіледі. Бұл сәлемдемелерді мекен-жайларға жеткізу мерзімін 6 күнге дейін қысқартады.Егер бұрын Ақтөбеде күніне 6 000-ға
жуық жөнелтім өңделсе, онда логистикалық орталықтың ашылуымен өңделетін пошта көлемі күніне 20-25 000-ға
дейін өсті. Логистика және сұрыптау орталығының жалпы ауданы 3500 шаршы метрді құрайды.
Фулфилмент-орталық интернет-дүкендерге тапсырысты ресімдеу, сақтау, өңдеу және сатып алушыларға сәлемдемелерді жеткізу бойынша
қызметтер кешенін көрсетеді. Бұл ретте интернет-дүкендер логистикаға, тауар үшін қойманы жалға алуға, персоналды жалдауға және
басқа да шығындарды азайтады.
Кездесу қорытындысы бойынша фулфилмент-орталықпен ынтымақтастық жасау бойынша 3 кәсіпкерлермен келісімге қол жеткізілді.