"Еңбек" бағдарламасының аясында көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне кәсіппен айналысу үшін өте арзан несиелер беріледі

Жаңа жылда – жаңа жағымды жаңалық !!! "Еңбек" бағдарламасының аясында көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне кәсіппен айналысу үшін өте арзан несиелер беріледі:
Максимальды несие көлемі – 21 208 000 теңге;
Сыйақы мөлшерлемесі – 4% аспайды;
Несие мерзімі – 7 жылға дейін.
Қосымша сұрақтар бойынша: «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ, «Ақтөбе ауыл микрокредит» МҚҰ, «Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ хабарласуға болады.