«БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» 30 қыркүйек

Құреметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде сағат 10:00-де Тургенев көшесі 86 мекен-жайы бойынша «Нұр Отан» ғимаратында бақылау және қадағалау органдары, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
1. Жүргізудің мақсаты - бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту, тұрақты қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
2. Жүргізу формасы - есептің біріңғай күні бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және бизнес-қоғамдастықпен кері байланысты қалыптастыру бойынша кездесу нысанында өткізіледі.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы кездесуге қатысуға ниет білдіргендердің барлығын электрондық мекен-жай бойынша тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз.: msb522@mail.ru немесе тел. номер бойынша: 742-180 (іш.112,113) а.ж. 28 қыркүйегіне дейін.