Облыстағы жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Бүгін, 2019 жылдың 8 тамызында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Б. Бердалиннің төрағалығымен мемлекеттік органдар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен облыстағы жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Кеңес барысында облыстағы жол бойындағы қызметті одан әрі дамыту, нысандарды салу үшін жер телімдерін бөлу, нысандарды ҚР ұлттық стандартының санаттарына сәйкестендіру, сондай-ақ кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шаралары талқыланды. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Baiterek Venture Fund» АҚ арасында қол қойылған меморандум аясында жеңілдікті несиелеу Бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жол бойындағы қызмет көрсету объектісін ашуды жоспарлап отырған кәсіпкерлер үшін қаржыландырудың тартымды шарттары қарастырылған: сыйақы мөлшерлемесі жылдық 8% - ға дейін, инвестиция сомасы 1 млрд.теңгеге дейін, мерзімі 10 жылға дейін.