Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы:
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы
Орналасқан жері: Сәңкібай-батыр даңғылы, 22К;
пошталық мекенжайы: Сәңкібай-батыр даңғылы, 22К, 030010;
электрондық пошта мекенжайы: dkb2014@bk.ru ;
байланыс телефоны 74-21-80, (ішкі 132,131) kasipker_aktobe.
Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
Сәңкібай-батыр даңғылы, 22К;
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019ж. "1" тамыз бастап 2019 ж. "15" тамыз аралығында, жұмыс күндері сағат10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "1" тамыз сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. "15" тамыз сағат 17.00 (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.