Баспа-сөз шолу

«Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсеті мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2019 жылғы 25 қарашадағы Заңы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Бұл нормативтік құқықтық акті kasipkerlik.gov.kz сайтында орналастырылды. 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №141 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №142 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 24 желтоқсандағы №90 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №180 хаты), «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ (тұрғылықты мекен–жайының өзгеруіне және қауымдастық қызметінің Алматы қаласына ауысуына байланысты, 2019 жылғы 21 ақпандағы № 1-19/029а хаты) және «Ақтөбе облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ҚБ (2019 жылғы 11 сәуірдегі №86 хаты) сараптамалық қорытындыларын ұсынбады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 01-2/91 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 9 желтоқсанда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 25 желтоқсанда аяқталды. Есептемені қарау 61 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Сайтта жарияланған: http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/
«Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11181 тіркелген бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубациялау аясында жаңа бизнес-идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру» және «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
Бұл нормативтік құқықтық акті kasipkerlik.gov.kz сайтында орналастырылды. 2019 жылғы 21 мамырдағы № 56 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 18 мамырдағы № 56 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 23 мамырдағы № 50 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 20 мамырлағы № 7 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 22 мамырда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 5 маусымда аяқталды. Есептемені қарау 89 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Сайтта жарияланған: http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/
«Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламентерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің
қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11578 тіркелген бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» және «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін.
Бұл нормативтік құқықтық акті kasipkerlik.gov.kz сайтында орналастырылды. 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 45 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 48 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 13 мамырдағы № 44 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 01-2/17 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 16 сәуірде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 30 сәуірінде аяқталды. Есептемені қарау 108 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Сайтта жарияланған: http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/
«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 241 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11578 тіркелген бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 241 «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4993 тіркелген, 2016 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).».
Бұл нормативтік құқықтық акті kasipkerlik.gov.kz сайтында орналастырылды.
2019 жылғы 23 сәуірдегі № 45 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 48 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 13 мамырдағы № 45 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 01-2/14 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 16 сәуірде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 30 сәуірінде аяқталды. Есептемені қарау 116 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Сайтта жарияланған: http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/
2018 жылғы 1 тамыздағы № 351 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 207 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына
БАСПА-СӨЗ
Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 тамызында №5939 тіркелген әкімдіктің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 351 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 207 «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының ескертуіне байланысты, қаулының қазақ тіліндегі нұсқасында мынадай редакцияның болмауы:
«3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.»
Желі парақшасында жарияланды:http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/ru/
Тура сілтеме: http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz/ru/