"Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" ММ Ережесі

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 маусмдағы №271 қаулысы
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 14-1 – бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 78 «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.
Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы «____» ________
№ _____ қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
3. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі қазынашылық Комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары бар.
5. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарабы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К ғимараты., 1 т.е.бөл.;
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
14. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы Ақтөбе облысының шағын және орта кәсіпкерлікті, сауда және туристтық қызметін қолдау және дамыту болып табылады.
16.Міндеттері: 1) облыстың кәсіпкерлік, сауда және туристік қызметі, саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға қатысады, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастырады;
2) облыстағы кәсіпкерлікті дамытудың, сауда және туристік қызметінің, жағдайына талдау жасайды; .........
3) сауда және туристік саясатын дайындауға қатысады және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік инфрақұрылымын дамытуға қатысады; 4) облыстағы сауда қызметін дамытудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 5) халықаралық және ішкі туризмді дамыту жөнінде облыстың әртүрлі ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді, материальдық-техникалық базасын құрады және оңтайлы пайдаланады, ақпараттық – жарнамалық істерді дамытады, облыстың туристік саласында ғылыми зерттеулерді және басқалай бағыттарды ұйымдастырады, облыстың туристік өнімдерін ішкі және дүниежүзілік туристік нарықтарға жылжытады.
17.Функциялары: 1) облыстың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, сауда және туристтік саласында бағдарламалық құжаттардың үйлестіру, әзірлеу және орындауды жүзеге асырады; ......................................................... 2) кәсіпкерліктің, сауда, туристтік қызметтердің дамуына мониторинг талдау және болжау жүргізеді, кәсіпкерлік, сауда, туристік салаларға қолдау көрсету және дамыту жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер, бағдарламалардың жобаларына ұсыныстар әзірлейді; . 3) облыстың кәсіпкерлікті дамыту, сауда, туристік саласы, қызметтерін жалпы стратегия бойынша жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметтерін үйлестіруді құзырет шеңберінде жүзеге асырады;............................................................................ 4) жобалардың басымды бағыттары бойынша қаржыландыру және несеилендіру мәселелері бойынша банктер мен және қаржылық ұйымдармен өзара қызмет жасайды;
5) Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін сақталуына мемлекеттiк бақылау жасайды;...................................................................................... 6) кәсіпкерлікті қаржылық, техникалық және инвестициялық қолдауды үйлестіреді, кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететін, отандық және шетелдік әріптестерімен ғылыми-техникалық және өндірістік - коммерциялық байланыстарды орнатуға себепші болуды жүзеге асырады;
7) азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өтініштерін қарайды, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірігуінің аккредитациясын жүргізеді және қызығушылықтарына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне эксперттік тұжырымдама жасайды;.......................................... 8) кәсіпкерлік, туристтік қызметтер және сауда мәселелері бойынша бұқаралы ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда басылуын ұйымдастырады;....... ........ ..........
9) кәсіпкерлік, сауда, туристтік сала, мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, тұсаукесерлер, кеңестер және семинарлар, «дөңгелек үстелдер», конкурс ұйымдастырады және қатысады, сонымен қатар олардың облыста, Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілуі бойынша ұсыныстар енгізеді; 10) халықаралық ұйымдармен және институттармен зайымдар, гранттар тарту мәселелерін іске асырады, қол жеткен келісімдердің орындалуына.мониторинг.жүргізеді;................................................................................ 11) шағын және орта бизнес субъектілерінің келешекті жобаларына республикалық және облыстық бюджет қаражатының есебіне іріктейді және жеңілдікпен несиелеуді (шағын несиелеу) жүзеге асырады;
12) атқарушы орган және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін мемлекеттік сауда саясаты шеңберінде үйлестіруде қатысады; .
13) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады; .............................................................. .........14) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын туризм мен туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (сектор) бағдарламалар ауқымында әзірлейді; ............................................... .........15) туризмді дамытудың өңірлік бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жүзеге асырады; .........
16) тоқсан сайын өкілетті органға:............................................................... туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін қажетті ақпараттар қалыптастырады және ұсынады; .........17) туристік қызмет нарығына сараптама жасайды және өкілетті органға облыстағы туризмнің дамуы жөнінде қажетті мәліметтер береді; .........18) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөнінде шаралар әзірлейді және енгізеді;;...................................................................................................... .........19) облыс аумағында туристік индустрия нысандары құрылысын жоспарлау және салу қызметін үйлестіреді; ..................................................... .........20) балалар және жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің және жекеше туризмнің жұмысына жәрдем береді; ................................................. .........21) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыру мәселелерінде әдістемелік және консультативтік көмек береді; .............. .........22) туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті тұрғындарды жұмыспен қамту шарасы ретінде дамытады және қолдайды; .................. ...........
23) туристік, соның ішінде туристік әлеует және нысандар, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар жөнінде ақпарат береді; ...........
18. Құқықтары мен міндеттері:
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) Заңменен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алады және тиісінше хат жазысуды жүргізуге;.................................................................... 2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;
3) кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселері бойынша қолданыстағы Заңнамалардың сақталуына талдау жасау кезінде, басшылардан, басқа лауазымды адамдардан тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ауызша және жазбаша түсініктемелер, құжаттар, анықтамалар мен басқа да материалдар алуға;.............................................................................................. 4) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жағдайына әсер ететін қаржы-несие, инвестиция, сауда, туристтық салық саясаты және басқа да жағдайларға байланысты облыста шаралар өткізу жөнінде шешімдер әзірлеуге қатысуға;............................................................................. 5) басқа облыстардың, орталық атқару органдарының және шет елдердің тиісті құрылымдарымен жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасуда іскерлік байланысты реттеу мақсатында өзара іс-қимыл жасауға;
6) гендерлік және отбасы демографиялық саясатты іске асыруға қатысуға; 7) акционерлік қоғамдардың (жауапткершілігі шектеулі серіктестіктердің) мемлекеттік акция пакеттерін (жарғылық капитал үлесіне қатысу) өкімденусіз иемденуге және пайдалануға құқылы.
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1. өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
2. өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге
міндетті;
3. осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында
арастыралған өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
3. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
19. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Басқарма басшысы орынбасарының, бөлім басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
2) Басқарма мамандарын іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық органдар мен ұйымдарда Басқарма атынан сөйлейді;
4) қызметкерлерге еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Басқарма кұрылымын, штаттық кестесін және бөлімдерінің Ережелерін (функционалды міндеттерін) бекітеді;
5) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
6) басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
26. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы болып табылады.
5. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.