БИЗНЕС-ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ

Сіздерді және Сіздің компанияңызды бизнес-жоба "Бизнес-класс" конкурсына қатысуға шақырамыз!
Ақтөбе облысында бизнес-жобалар конкурсы өтуде.
Ең табысты, инновациялық және алдыңғы қатарлы бизнес-жоба атағына күресу мүмкіндігін жиырма бес компания және жеке кәсіпкер алады.
Өтініштерді қабылдау мерзімі 7 тамыздан 1 қыркүйекке дейін 2017 ж.
business-class-aktobe@mail.ru электрондық мекен-жайы бойынша.
Жоба жөнінде: 2017 жылдың тамыз айы мен қараша айы аралығында Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" ММ, "Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" АФ және "Қазақстан" РТРК АҚ телевизиялық ақпараттық агенттігі АФ бизнес-жобалар "Бизнес-класс" конкурсын өткізеді.
Байқаудың басты мақсаты-Ақтөбе облысының белсенді кәсіпкерлерін қолдау.
Кімдер қатыса алады: Ақтөбе облысында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей тіркелген, Облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер.
Әр бизнес-жоба екі адам ұсынады– компания басшысы мен қызметкер.
Конкурстың барлық қатысушылары не алады
· Жобаны медиа арқылы жария етілуі ("Бизнес-класс", ТВ-бағдарламасы, интернетте ұсыну және БАҚ-та әріптестік материалдар);
· Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарының дербес кеңестерін алу;
· Конкурстың кәсіпкер-сарапшыларының жобаның ағымдағы жағдайын және әлеуетін талдауы.
Жеңімпаз не алады: Жеңімпазға Орынбор қаласында ақтық сынға қатысуға мүмкіндік және жеңімпаздың компаниясына тегін жарнама беріледі.
Ақпараттық қолдау: 8(713) 74-21-80 (112)
Kasipkerlik.aktobe.gov.kz
instagram.com/kasipker_aktobe