2017 жылы 27 шілде күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Әскербекұлы Бекеновтың төрағалығымен "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне шағын және орта бизнес субъектілерінің 3 жаңа өтінімдері және басқа сұрақтар шығарылды.
Атап айтсақ, «АТФбанк» АҚ-нан жылдық 16%-бен несие алған несиенің пайыздық ставкасын субсидиялауға өтініш білдірген «Игданит» ЖШС болып табылады. Ауылдық жерде және өңдеуші өнеркәсіп саласында жүзеге асырылатын жоба болғандықтан 10%-ын субсидиялауға мүмкіндік бар.
Компанияның негізгі қызметі мыс рудаларын байыту кезінде және құрылыс саласында қолданылатын сөндірілмеген әктасты өндіру.
Екінші жоба ПВХ пішіндегі есік пен терезе дайындаумен айналысатын «Euro System - Aktobe» ЖШС несие мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялауды қажет етеді. Компания жылдық 15%-бен «Нұрбанк» АҚ 8 млн.теңге несие алып отыр.
2008 жылдан бастап, итальяндық құрылғыда «А» класты элиталық сериялы пішіндерден конструкциялар дайындайтын бұл компания ҚР батыс өңіріндегі VEKA концернінің ресми өкілдерінің бірі.
Барлық бизнес-жобалар мен өзге де ағымдағы сұрақтар ӨҮК қарауына шығарылып Кеңестің оң шешімдерін алды.
Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпкерлермен 25 жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр.