Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2016 жылғы 19 сәуірдегі№ 234 қаулысыменбекітілді
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанынhttps://doc2015.zan.kz/sites/rcpi/Documents/Forms/NpaDocSet/docsethomepa... кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) Даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
7) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
8) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
10) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
11) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
12) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын, кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
13) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
14) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
15) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
16) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
17) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;
20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
21) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
3. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.
8. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
10. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін)
шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және кірістердің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
11. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған кезде субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
14. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
16. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын, оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпкердің жобаға өз құралдарымен (ақшалай қаражатпен/жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қатысу талаптары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
17. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
19. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.
20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
21. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
24-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
25. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
26. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
26-1. Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
28. Мынадай:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
29. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің салаларында және жекелеген қызметтер түрлерінде іске асырылатын жобалар шеңберінде БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін) шағын және орташа кәсіпкерлік кредиттері де субсидиялауға жатқызылады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған,
БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
32. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
33. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
34. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
35. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
36. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
37. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
38. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
39. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
40. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
41. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
42. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар/Даму банкі субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
46. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
46-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
48. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
49. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
50. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;
2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;
3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.
51. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
5. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
52. Мыналар:
1) Даму банкін (банк және Даму банкі бұдан әрі банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
53. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауы керек және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек ескерілмей есепке алынады.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
55. 750 млн. теңгеден бастап 2,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 29 жасқа дейінгі жастар үшін құру ұсынылады.
Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
56. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
57. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
58. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
59. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте банк:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
60. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның
5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте Даму банкі:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
61. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.
62. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.
63. Субсидиялау банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизингінің шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды:
1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);
4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
63-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 63-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
64. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
65. Егер банк/Даму банкі мен кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау банк/Даму банкі мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.