2017 жылы 15 маусым күні Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2017 жылы 15 маусым күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Аскербекұлы Бекеновтың төрағалығымен "Бизнестің Жол Картасы-2020" бағдарламасы бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды тарту түріндегі мемлекеттік қолдау алуға үміткер шағын және орта бизнес субъектілерінің 14 жаңа жобасы шығарылды.
Өтінім білдірген жобалардың көп үлесі Ақтөбе қаласында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 4 жоба Хромтау, Қобда, Байғанин аудандарында жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлер 14 жобаның іске асуы нәтижеінде 270 астам жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.