Кәсіпорын басшыларының назарына!

2016 жылдың қыркүйегінде «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Заңы қолданысқа енгізілген болатын.
Аталған Заңның 39 бабының 4 тармағымен ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегіні қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп айырысудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын орындарда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті деп белгіленген.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және қызметін астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар осындай жабдықтарды (құрылғыларды) орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті.
Белгіленген талаптар сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолма-қол ақшаны пайдаланбастан ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерге және (немесе) заңды тұлғаға қолданылмайды.
Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықтарды (құрылғыларды) қолданудың тізбесі 2016 жылдың 21 қазанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіліген болатын. Бұрын қабылданған 2014 жылғы 29 қазандағы №1147 қаулысымен бекітілген тізім жаңа тізімнің бекітілуіне байланысты күші жойылды деп танылды.
Бекітілген тізімге сәйкес , Көтерме және бөлшек сауда төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғы) қолдануға міндетті жекелеген қызмет түрлері болып саналады.
Осылайша, 2016 жылы айқындалған POS –терминалдарды қолдану тәртібі 2017 жылы да қолданылады.
POS –терминалдарды қолдануға қатысты, 2016 жылы 30 қарашада ҚР Заңымен қолданысқа енгізілген өзгеріс, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы » ҚР Кодексінің 194 бабының 1 тармағымен қарастырылған төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдердi қабылдаудан бас тарту жағдайында қолданылатын әкімшілік жазаның өзгеруі.
2016 жылдың аяғына дейін сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартқан жағдайда
ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартқан жағдайда айыппұл салынбайды, тек ескерту жасауға алып келеді.
Бірақ ,әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет белгіленсе, әкімшілік жаза бұрынғыдай қолданылып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 60, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.
Сонымен бірге, ҚР Салық Кодексінің (2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99- IV) талаптарына сай, салық органдарымен төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкіндігін хабарлаймыз.