Кәсіпорын басшыларының назарына!

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның тауарлық белгісіне (логотипіне) айрықша құқыққа ие екендігін хабарлаймыз.
Ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Көрмеге ықтимал Лицензиаттарды тарту бойынша жұмыс жүргізуде. «Көрменің Реси Лицензиаты» мәртебесі жергілікті тауар өндірушілерге Көрме логотипін маркетингтік және коммерциялық мақсаттарда соның ішінде Көрме идеяларын ілгерілетуде, Көрменің имиджін қалыптaстыруда және нығайтуда пайдалану құқығын береді.
Көрме логотипін пайдалану үшін кәсіпкерлік субъектілері Көрме Лицензиаттарын іріктеу процедурасынан өтуі тиіс, бұл процедураның қорытындысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен кәсіпкерлік субъектісі арасында лицензиялық шарт жасалатын болады.
Көрме логотипін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ – ның келісімінсіз (шарт жасаусыз) пайдалану заңсыз болып табылатындығын ескертеміз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс арқылы хабарласуға болады:
Амреев А.С.- тел. 7172-938-756
Калиниченко П.Ю. – тел. 7172-938-666