Тәуелсіздігінің жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесін тойлау қарсаңында ү.ж. 15 желтоқсанында «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Әйтеке би, Мұғалжар, Мәртөк, Ойыл, Қобда аудандары мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.
Қала тұрғындарына еттің барлық түрі, сиыр еті, қой еті, шошқа еті, тауық жұмыртқасы және көкөніс өнімдері, сүт өнімдері ұсынылды.
Қала тұрғындарына жалпы құны 7,1 млн.теңгенің 6,8 тоннаға жуық ет (барлық түрі), 1 тоннадан астам сүт өнімдері, 5,3 тонна көкөніс және 5,0 тонна картоп қала базарларынан 10-15 % төмен бағамен сатылды.
Жәрмеңкеде облыстағы «Рамазан» ЖШС, «Аққұс» ЖШС, «Парижская коммуна» ЖШС және т.б. тауар өндірушілер өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды.