Жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлердің назарына!

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) тапсырмасын орындау мақсатында, Комитетпен Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлердің өткізілуін жеткізеді.
2016 жыл бойы әрбір сәрсенбі күні Комитеттің ғимаратында Астана қ. Янушкевич көшесі 2 мекенжайы бойынша сағат 11.00-де тендерге қатысу туралы өтінім болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес тендер өткізіледі.
Тендерге қатысуға өтінім берген үміткерлерді тіркеу www.kgmr.gov.kz сайтында хабарлама жарияланған күннен басталады және де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша сағат 18.00-де тендерлік өтінімдер конвертін ашу күнінен бір күн бұрын аяқталады.
Тізбемен азық-түлік және өндірістік тауарлар шығару көзделген.
Тауар туралы мәлімет, ең төменгі көлем, қосымша құн салығы есепке алынған немесе есепке алынбаған кесімді баға, тауар құнын төлеу мерзімі, тауарды шығару мерзімі және тауардың орналасқан орны туралы ақпараттар www.kgmr.gov.kz сайтында көрсетілген.
Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы орналастырылған хабарлама бойынша жеке және заңды тұлғалар, сондай ақ жеке кәсіпкерлердің қатысуларының мүмкіндіктері бар.
Комитет қызығушылықтары бар тұлғаларды мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару бойынша тендерлерге қатысуға шақырады.
Толық ақпаратты жоғарыда көрсетілген сайттан немесе 8/7172/27-44-49 телефонынан алуға болады.