Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

2016 жылдың 31 қазаны күні облыс әкімінің орынбасары Бекенов Қайрат Әскербекұлының төрағалығымен Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес қарауына «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға үміткер шағын және орта бизнес субъектілерінің 20 жобасы ұсынылды.
Кеңеске ұсынылған жобалардың көп бөлігі – екінші деңгейлі банктерден алынған автокөлік сатып алу, балалар орталығына жиһаздар сатып алу, наубайханаға жабдықтар алу, әр түрлі өнімдерді шоколадпен жылтырату, «Шығыс» сауда үйіне қосымша құрылысты аяқтау және айналым капиталын толықтыруға бағытталған кредиттің пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша болып табылады.
Атап айтсақ, 2007 жылы құрылған «Сага Омега» ЖШС, «Сужан» ауыз суын жауапты және сенімді жеткізуші ретінде көрсетті. «Сага Омега» ЖШС Қарғалы ауылында жүзеге асырылады және бүгінгі таңда қызметкерлер саны 29 адамды құрайды. Таза ауыз суды жеткізу қызметін ұйымдастыру үшін Toyota Hilux автокөлігін алу үшін «АТФ Банк» АҚ арқылы жылдық 17,5 %-бен 12,4 млн.тенге алып, Кеңесте оның 10 %-ы өңдеуші өнеркәсіп саласына жататындықтан субсидияланатын болды.
Бұдан бөлек, әр түрлі өнімдерді шоколадпен жылтырату құрылғысын алуға «Иркиналинова З.Е.» жобасы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы пайыздық ставканы субсидиялау түрінде қолдауға ие болды.
БЖЗҚ қаражаты шеңберінде «Айс» ЖШС, «Дәру» медицина оңалту орталығы» ЖШС, «Trade Marketing Solutions» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға ары қарай 10 %-ы субсидияланатын жылдық 19 %-бен берілетін болды.
Аталған Кеңес отырысында көптеген кәсіпкерлердің жобалары да қаралып, барлығы да ӨҮК мүшелері тарапынан қолдау тапты.