Бағаларды тұрақтандыру бойынша кезекті Штаб отырысы өтті.

2016 жылдың 20 қазанында облыс әкімдігі ғимаратының 230 бөлмесінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Жұмағазиевтің төрағалығымен және штаб мүшелері мен шақырылғандардың қатысуымен тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру бойынша кезекті Штаб отырысы өтті.
Аталған отырыста екі мәселе қаралып, «2016-2017 жылдарға Тұрақтандыру қорына картоп пен көкөніс өнімдерін қысқы сақтауға қоюдың барысы және Ақтөбе қ.мен аудандарында қажетті көкөністерді сақтау қоймаларын дайындау туралы» Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (Қ.Ыбрайымұлы), «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы (З.Майтеков) баяндаса, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы» Ақтөбе қ. кәсіпкерлік бөлімінің басшысы (Р.Ажниязов) баяндады.
Штаб отырысында өзекті мәселелер қаралып, мемлекеттік органдар мен аудан әкімдіктеріне бірқатар тапсырмалар берілді.