Пайдалы

Терроризмге қарсы қатынасы бойынша осал кәсіпорындардың типтік куәлігін әзірлеу бойынша ақпарат
Кәсіпкерлік басқармасы Ақтөбе облысының ішкі істер Департаментімен бірлесе отырып, 2014 жылдан бері сауда мен туризм объектілері қауіпсіздігінің типтік куәлігін әзірлеуді түсіндіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Террористік тұрғыдан осал объектілерге: «Сауда алаңы 500 шаршы метр және одан да көп болатын сауда объектілері», «100 және одан да көп отырғызу орнына арналған қоғамдық тамақтандыру объектілері», «200 және одан да көп адамдардың жаппай жиналу объектілері» кіргізілді.
2015 жылдың сәуір айында Үкімет террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын Талаптарды бекітті (ҚР Үкіметінің 03.04.2015ж. №191).
Аталған Талаптарда ТТО объектілердің категориясына байланысты қамтылуы тиіс инженерлік-техникалық нығайтылудың, арнайы техникалық қауіпсіздік құралдарының, кіруді бақылау, бейнебақылау, жедел байланыс, хабардар ету жүйелері, т.б. құралдарының түрі мен қажетті саны мұқият регламенттелген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-әрекет туралы» Заңының 10 бабы 3 тармағына сәйкес, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары террористік әрекетті ескерту мақсатында талаптарды орындауға арналған шараларды жүзеге асыруы тиіс.
Террористік акт жасалған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен қызметкерлері жасалған террористік акт және оның салдары туралы терроризмге қарсы іс-әрекетті жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға тез арада хабарлап, қызметкерлерді эвакуациялауды жүзеге асыруы тиіс.
Террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары аталған талаптарды орындамаған жағдайда, көрсетілген міндеттердің формасына қарамастан, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Террористік тұрғыдан осал кәсіпорындарға (сауда және туристік объектілерге) консультация жүргізілді және түсініктемелер берілді.
Кіргізілетін объектілердің басшыларының назарына, Сізге Типтік куәлікті әзірлеу бойынша кеңес алу мақсатында «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасына» ММ: 8 (7132) 74-21-85 телефоны бойынша және ішкі істер Департаментінің экстремизммен күрес бойынша басқармасына, мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі 271, №102 кабинет немесе 8 (7132) 936-102 телефоны бойынша хабарласу керек.