Азаматтардың мемлекеттік қызметке қабылдану тәртібі

«Б» корпусының лауазымдарын алу үшін тестілеуден өтуге қажетті құжаттардың тізімі
Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»веб-порталы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну жолымен ҚОСЫМШАҒА сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.
«Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) нысанға сәйкес өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілеті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе куәландырылған нотариалдық көшiрмесi).
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Азаматтар жоғарыда аталған құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекен-жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана, Алматы, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Талдықорған, Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалаларындағы аймақтық тестілеу орталықтарында белгіленген тәртіппен өтеді.
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік кадр резервiне алыну үшiн
1) өтiнiш және тиісті нысан бойынша толтырылған сауалнама;
2) бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелері немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың түпнұсқалары, ал шетелдiң оқу орнын аяқтаған жағдайда сонымен бірге бiлiмi туралы құжаттардың немесе оқуды аяқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған аудармасы;
3) еңбек қызметiн растайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттардың көшiрмелерi;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметi лауазымдарының тиiстi санаты үшiн белгiленген тестілеуден өту нәтижелерi;
6) 3х4 см көлемдегi бір фотосурет.
7) БОЛАШАҚ» бағдарламасының бітірушілеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамынан анықтама.
Азаматтар салыстыруды жүзеге асыру үшін 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады, кейін құжаттар азаматқа қайтарылады.